Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Сонымен 2026 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында орнатылған 120 "Сергек" кешені мына жағдайларды автоматты түрде анықтап, тіркей бастайды:
көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғандарды (591-бап);қауіпсіздік белдігін тақпағандарды (593-бап)."Айыппұлдар автоматты режимде нұсқама түрінде жіберіледі". Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция мәліметінше, жолда ұялы телефонды қолдану жол апаты қаупін 4 есе арттырады.
"60 км/сағ жылдамдықта телефонға 5 секундқа алаңдау — 100 метрді соқыр жүріп өтумен бірдей! Бір хабарлама немесе қоңырау адам өмірінен қымбат емес". Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тағылған белдік қаза болу қаупін 50%-ға азайтатынын да еске салады.
"Жыл басынан бері облыста жол апаты салдарынан 550-ден астам адам жарақат алса, оның 100-ден астамы белдік тақпаған. Балаларды міндетті түрде арнайы орындыққа отырғызып, белдігін бекітіңіз!", делінген полицияя хабарламасында.
Тәртіп сақшылары рөлге отырып, тұрған орыннан қозғалмас бұрын мынаған мұқият болуды ескертеді:
өзіңіз бен жолаушылардың белдігін тағыңыз;балалардың қауіпсіздігін тексеріңіз;телефонды шетке қойыңыз, шұғыл болса — тоқтап сөйлесіңіз.Бұған дейін Павлодар облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 7893 жүргізуші жауапқа тартылғаны хабарланған.