Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Отбасы банк» 2 және 5%-дық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінім қабылдауды және тұрғын үй бөлуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: freepik.com
Жеңілдетілген ипотекалар мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Несие 2 және 5%-дық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасы кемінде 10%, ал мерзімі 20 жылға дейін беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер екі негізгі талапқа сай болуы керек:
Тұрғын үй кезегінде тұруы, Әлеуметтік осал санатқа жатуы.2%-дық ипотека тек белгілі бір санаттарға арналған. Олардың қатарында:
ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар; Мүгедектігі бар азаматтар; Жетім балалар; Көпбалалы отбасылар; Мүгедек баласы бар отбасылар; Жесірлер бар.Ал 5%-дық ипотека әлеуметтік осал топтардың барлығына дерлік қолжетімді (барлығы 12 санат). Оның ішінде толық емес отбасылар, созылмалы ауруы бар азаматтар, қандастар және төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылғандар бар.
Өтінім беру «Отбасы банк» арқылы жүзеге асады:
Ресми сайтта онлайн; Мобильді қосымша арқылы; Банк бөлімшелерінде.Маңызды талап – банк шотында пәтер құнының кемінде 10% көлемінде жинақ болуы тиіс.
Пәтерлер қай өңірлерде беріліп жатыр10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр
Ұсынылып отырған барлық баспаналар пайдалануға берілген, таза әрлеумен дайын күйде.
Қостанай қаласында:
– Береке ықшамауданы, 31 үй – 60 пәтер, бағасы 253 606 тг/м².
Өтінім қабылдау – 1–9 сәуір, бөлу – 15 сәуір.
Петропавл қаласында:
– Жұмабаев көшесі, 282 – 126 пәтер, 180 000 тг/м² (бөлу – 10 сәуір);
– Крепостная, 141 және Бескөл ауылы – 72 және 50 пәтер, 230 000 тг/м² (бөлу – 9 сәуір).
Тараз қаласында:
– Шапағат ықшамауданы, 9 – 28 пәтер, 226 110 тг/м²;
– Шапағат, 25 – 45 пәтер, 226 110 тг/м²;
– Ұлы Дала, 52 – 80 пәтер, 160 000 тг/м².
Аягөз қаласында:
– Қабанбай батыр көшесі, 5/4 – 59 пәтер, 220 000 тг/м² (бөлу – 16 сәуір).
Жаркент қаласында:
– Сегізбай Беспаев көшесі, 78/1, 78/2 – 120 пәтер, 261 850 тг/м² (бөлу – 13 сәуір).
Ал Алматы мен Астана қалаларында әзірге бұл бағдарлама бойынша нысандар ұсынылмаған, тұрғын үй дайындау жұмыстарын әкімдіктер жүргізіп жатыр.
Тұрғын үй қалай бөлінеді?Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?
Жеңілдетілген ипотека тек қатысушының жеке өтінімі негізінде рәсімделеді – банк тарапынан шақыру немесе SMS күту қажет емес.
Үдеріс бірнеше кезеңнен тұрады:
Әкімдіктер тұрғын үй дайындайды; Банк нақты пул бойынша өтінім қабылдауды жариялайды; Кезекте тұрғандар Baspana Market платформасы арқылы өтініш береді; Банк төлем қабілетін тексереді; Пәтерлер өтінім беру уақыты мен санат басымдығына қарай бөлінеді.Барлық кезеңді үміткерлер жеке кабинет арқылы бақылай алады.
Баспана алдымен ең мұқтаж санаттарға беріледі – ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар, жетімдер, көпбалалы отбасылар, жесірлер.
Оларға әр тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің 70%-ы қарастырылған. Оның ішінде 20%-ы – жетім балаларға тиесілі. Қалған 30%-ы басқа әлеуметтік осал топтарға бөлінеді.
Айта кеткен жөн, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап тұрғын үй тек инвентаризациядан өткен кезектегілерге ғана беріледі. Егер бұл рәсімнен өтпесе, азамат бағдарламаға қатыса алмайды.
Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?
Соңғы жаңалықтар
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45
АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады
Әлем • Бүгін, 15:43
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
Оқиға • Бүгін, 15:31
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Сауда • Бүгін, 15:26
Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады
Оқиға • Бүгін, 15:04
Оңтүстік Корея Қазақстанға ЖИ шешімдерін енгізуге көмектеседі
Технология • Бүгін, 14:58
Тоқаев жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді
Білім • Бүгін, 14:38
Қазақстан Премьер-министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Үкімет • Бүгін, 14:28
Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 14:17
Елордада тиімді бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 14:05
Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды
Заң • Бүгін, 13:32
Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?
Қоғам • Бүгін, 13:25
Жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады
Экономика • Бүгін, 13:13
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Оқиға • Бүгін, 12:57