Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 20 жастағы салымшылар үшін ең төменгі жеткілікті шек неге 6 миллион теңге көлемінде белгіленгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зейнетақы қоры сайтына сілтеме жасап.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 20 жастағы салымшылар үшін ең төменгі жеткілікті шек неге 6 миллион теңге көлемінде белгіленгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зейнетақы қоры сайтына сілтеме жасап.
БЖЗҚ мәліметінше, өзге елдерде азаматтар зейнетақы жинақтарын бүкіл еңбек қызметі бойы (30–40 жыл) жинайды. Осыған байланысты ерте жаста (мысалы, 20 жаста) жеткілікті зейнетақы жинағын қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес екені анық. Бұл тиісті актуарлық есептеулер және халықаралық тәжірибемен расталады.
"Сондай-ақ еңбек жолының бастапқы кезінде аударылатын зейнетақы жарналары уақыт өте ұзақ мерзім бойы инвестицияланатыны және "күрделі пайыздың" есептелуі арқасында ең жоғары инвестициялық кірісті құрайтыны белгілі. Сол себепті жинақтарды жас кезде алу зейнеткерлік жасқа жеткендегі болашақ жинақтардың көлемін айтарлықтай азайтады", - деп мәлімдеді қор өкілдері.
БЖЗҚ ақпараты бойынша, ең төменгі жеткілікті шекті (ТЖШ) есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуы тиіс нысаналы зейнетақысының көлеміне негізделеді. Ол үшін тиісті жаста зейнетақы шотында болуы керек және тіпті болашақта жарналар аударылмаған күннің өзінде қартайған шақта зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасын қамтамасыз ете алатын ең төменгі жинақ сомасы есептеледі.
"Мысалы, егер салымшы 20 жаста болса, оның зейнетке шығуына әлі 40 жылға жуық уақыт бар. Осы кезеңде оның жинақтары инвестицияланып, инвестициялық кіріс әкелуі және болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуі тиіс. Егер қандай да бір себептермен азамат зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатса да, шотта 6 миллион теңгеден аса қаражаттың болуы инвестициялық кіріс есебінен зейнеткерлік жасқа қарай зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі стандартына сәйкес келетін мақсатты деңгейден төмен емес мөлшерде төлемдер алуға қажетті жинақты қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді зейнетақы қоры.
Мәселен, салымшыға өмір бойы төленетін төлемдерге кепілдік беретін зейнетақы аннуитетінің құны есептік шамадан төмен болуы мүмкін емес.
Мән-жайы"Сақтандыру компаниясы бұл құнды тек салымшының жас екендігіне немесе аннуитетті сатып алу үшін табысының жеткіліксіз болғанына сүйеніп қана төмендете алмайды. Дәл сол сияқты, ТЖШ шамасы да болашақта зейнетақы төлемдерінің мақсатты мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажетті есептік деңгейден төмен болмауы тиіс", - деп түйіндеді БЖЗҚ.
Сенбі күні, 6 маусымда, БЖЗҚ 2026 жылға арналған жаңа ең төменгі жеткілікті шекті жариялады, олар айтарлықтай өскен. Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандыққа кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы азаматқа – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы тұрғынға 13 370 000 теңге жинақтау керек.
Tengrinews.kz зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін қанша табыс табу керек екенін есептеді. Мысалы, 20 жастағы салымшының жалақысы айына шамамен 2,8-2,9 миллион теңге алу керек.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу