20 жеке сот орындаушысы бәс тігуге 180 миллион теңге жұмсады

20.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседегі шоттарын 180 миллион теңгеге толтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы Olimpbet букмекерлік кеңсесіндегі шоттарын толықтырып, жүйелі түрде құмар ойындарға қатысқан. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 180 миллион теңге болды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

"Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды. Жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді", - делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Тексеріс қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды. Онда заңда қарастырылған шаралар қабылдануы тиіс.

“Білуіміз керек“: Депутат Базарбек “жағымсыз“ құжатты көрсетті

Айта кетейік, биыл сәуірде Мәжілісте жеке сот орындаушыларының жұмысындағы ауқымды заңсыздықтар туралы мәлімделген болатын. Ол кезде Бас прокуратураның деректеріне сүйене отырып, депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасаған еді. Кейбір сот орындаушылары ақшаны, соның ішінде алимент төлеуге арналған қаражатты жымқыруы мүмкін екені атап өтілді.

Базарбектің айтуынша, 88 жеке сот орындаушысы алаяқтық пен айла-шарғының 660 түрін жасаған. Кейін Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы Бақытжан Базарбектің ауқымды заңбұзушылықтар туралы мәлімдемесіне түсініктеме беріп, айтылған фактілердің барлығын бірдей жымқыру деп санауға болмайтынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Алматыда сот орындаушысы 370 миллион теңгені және Range Rover көлігін заңсыз иемденген

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью