Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Өңдеу өнеркәсібінің қазіргі өсу қарқыны экономиканы толыққанды әртараптандыру үшін жеткіліксіз. Бұған қажетті серпін беру мақсатында өңдеуші кәсіпорындардың дамуын ынталандыратын жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландыру тетіктері арқылы металлургия, машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын жобаларды іске асыру жалғасуда, — деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр салалық министрліктерге әрі қарай өңдеуге бағытталған өндіріс орындарын ашу мәселелерін алдын ала жан-жақты пысықтау міндеті қойылғанын атап өтті.
— Жалпы алғанда, өткен жылы 200-ден астам жаңа өндіріс орны іске қосылды, тағы осынша нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Екі жаңа автозауыт биыл автокөлік өндірісін жылына 170 мыңнан 360 мыңға дейін, яғни екі есе арттыруға мүмкіндік береді, — деді Олжас Бектенов.
Осыдан бұрын Премьер-министр 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілгенін айтты.