2015 жылы Ресейде болған кісі өлтіру қылмысын Семей тергеушісі ашты

12.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Абай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ажар Сартова 2015 жылы Ресейде жасалған атышулы кісі өлтіру және қарақшылық шабуыл дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Оқиғаның мән-жайын департаменттің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ажар Сартова 2015 жылы Ресейде жасалған атышулы кісі өлтіру және қарақшылық шабуыл дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Оқиғаның мән-жайын департаменттің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмысты төрт адамнан тұратын топ жасаған. Олар қымбат көлікті сатып алу сылтауымен оның иесімен кездесу ұйымдастырған.

"Қаскөйлер ер адамға шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған, кейін қылмыс іздерін жасыру және қылмыстық ойларын соңына дейін жеткізу мақсатында жәбірленушіні автокөлікпен қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер автокөлікті иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады полиция.

Қылмыс жасалғаннан бері көп уақыт өтсе де, қылмыстық топтың барлық мүшесін анықтау жұмыстары тоқтамаған. Тергеу Ресейдің құқық қорғау органдарымен тығыз іс-қимыл негізінде жүргізілді.

«Тергеуші Ажар Сартова ауқымды әрі мұқият тергеу жұмыстарын жүргізді. Куәлар мен қылмысқа қатысы бар тұлғалардан жауап алынған, қылмысқа қатысушылар арасындағы хат алмасулар зерделенген, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілген, көптеген халықаралық және ведомствоаралық сұрау салулар жолданған, қосымша дәлелдемелер жиналып, қылмыстың толық көрінісі қалпына келтірілген. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған соңғы күдіктінің жүрген жері анықталды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, 2024 жылы Алматыда полиция қызметкерлері ұстады", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін қылмысқа қатысушы үш адам сотталған болатын: біреуі Барнаул қалалық сотымен, қалған екеуі Шығыс Қазақстан облыстық сотымен. Соңғы фигурантқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, Абай облыстық сотына жолданды. Сот оны кісі өлтіру және қарақшылық шабуыл жасау бойынша кінәлі деп танып, 17 жыл бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, былтыр Астанада ДНҚ іздері бойынша 2016 жылы жасалған аса ауыр қылмыс ашылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью