24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жаңа өндіріс орындары ашылды.
Құрылыс нарығында да елеулі жетістіктер бар. 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көлік магистралдары жаңғыртылды. Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен 9 өңірге барып, экономикалық, әлеуметтік жетістіктерін бағамдап үлгерді. Осы кезеңде 50-ге тарта нысанның жұмысымен танысты. 16 әкімнің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Ендігі мақсат - ел экономикасын еселеу.
Шәкәрім Бұқтығұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- ЖІӨ-ні 2029 жылға дейін 2 есе арттырамыз. Қазір 250-ден 300 миллиард доллар болса, ендігі міндет 480-500 миллиард долларға жеткізу. Мұны процестерді автоматтандыру, жасанды интеллектіні енгізу, цифрландыру арқылы жасауға болады. Ал Парламент палаталары заңнамалық бастамалар арқылы септеседі.