Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Нюрнбергтегі Федералдық еңбек агенттігінің мәліметінше, желтоқсанда жұмыссыздардың саны 23 мың адамға көбейді. Елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға өсіп, жылдың соңында 6,2%-ға жетті.
— Еңбек нарығына әлі де экономикалық серпін жетіспейді. Сондықтан жылдың соңына дейін оның дамуы әлсіз болып қалды, — деді агенттіктің басшысы Андреа Налес.
2025 жылы Германиядағы жұмысқа орналастыру жағдайы айтарлықтай нашарлады. Орта есеппен жыл бойына 2,948 млн адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл 2013 жылдан бергі ең жоғары орташа жылдық көрсеткіш болып отыр. Налестің пікірінше, «біз төменгі деңгейге жеттік» деген сөздер дәл осы жағдайға сай келеді.
Сонымен қатар, компаниялардың жаңа қызметкерлерді жалдау сұранысы айтарлықтай төмендеген. 2025 жылы Федеральдық еңбек агенттігі орта есеппен 632 мың бос жұмыс орнын тіркеген — бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 62 мыңға аз.
Агенттік деректері бойынша, жаңадан жарияланған вакансиялардың саны соңғы 25 жылдағы ең төмен деңгейге жеткен.
Бұдан бұрын Германияда мемлекеттік медициналық сақтандыруы бар пациенттер арасында маман дәрігерлердің қабылдауын ұзақ күтуге байланысты наразылық күшейіп келе жатқанын жазғанбыз.