2025 жылы елге келгендер кеткендерден көп болды

13.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2025 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 23 761 адам келіп, 7 608 адам елден кеткен. Нәтижесінде сыртқы көші-қонның оң сальдосы 16 153 адамды құрады, деп хабарлайды ресми деректер. Бұл қатарынан үшінші жыл оң көрсеткіш тіркеліп отырғанын білдіреді.

2024 жылмен салыстырғанда елден кеткендер саны 40,2%-ға азайса, келгендер саны 18,9%-ға кеміген. Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп отыр: келгендердің 81,8%-ы және кеткендердің 71,8%-ы осы аймаққа тиесілі. Сонымен қатар Қытай, Моңғолия және Германиядан келгендер көп болса, кеткендер арасында Германия, Польша және АҚШ бағыттары басым.

Келушілердің көбі Алматы облысын (5 754 адам), Алматы қаласын (4 068 адам) және Маңғыстау облысын (3 562 адам) таңдаған. Ал кеткендердің басым бөлігі Қарағанды облысынан (1 451 адам), Алматы қаласынан (757 адам) және Шығыс Қазақстан облысынан (685 адам) шыққан.

Шетелден көшіп келгендер мен кеткендердің негізгі үлесі 35–39 жас аралығындағы азаматтар. Олардың арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар басым.

Ел ішіндегі көші-қон да өсіп отыр: 2024 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артқан. Астана (87 459 адам), Алматы (33 126 адам), Шымкент (15 130 адам) қалалары және Алматы облысында (12 110 адам) халық көші-қонының оң айырмасы байқалды.

Бүгін, 14:37

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью