2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?

05.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Былтыр Қазақстан мұнайы 29 мемлекетке экспортталып, ұлттық экономиканың валюталық түсімінің жартысынан астамын қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы шетелге 76 млн тонна мұнай шығарылып, оның жалпы құны 39,88 млрд долларды құрады. Салыстырмалы түрде 2024 жылы экспорт көлемі 71 млн тонна болып, 42,3 млрд доллар табыс түскен еді. Осылайша экспорт көлемі артқанымен, әлемдік бағаның құбылуына байланысты жалпы түсім аздап төмендеген. Бүгінде мұнай Қазақстанның барлық экспорттық кірісінің 51 %-ын құрайды.

Мұнай экспортының мүмкіндігі

Energy Monitorарнасының мәліметінше, экспортталған мұнайдың орташа бағасы тоннасына 525 доллар деңгейінде қалыптасты. Ең жоғары баға Багам аралдарына жөнелтілген мұнайда тіркеліп, тоннасына 575 долларды құраса, ең төменгі көрсеткіш Өзбекстан бағыты бойынша – 369 доллар болды.

Статистикада Италия отандық мұнайдың негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілгенімен, бұл ел көбіне алғашқы тіркеу нүктесі ретінде ғана есепке алынады. Танкерлер мұнайды Италияның Триест портына жеткізіп, одан әрі TAL мұнай құбыры арқылы Австрия, Германия, Чехия нарықтарына жөнелтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мұнайының ең ірі тұтынушысы – Германия.

Мұнай экспорты 30%-ға артады

Экспорттық баға негізінен «Urals Med» немесе «Brent Dtd» белгіленімі бойынша есептеледі. Дегенмен бюджетке төленетін кедендік баждар мен салықтар көбіне нақты сату бағасынан жоғары деңгейде қалыптасады. Себебі есептеу кезінде трейдерлер ұсынатын жеңілдіктер мен отандық мұнайға берілетін дисконттар ескерілмейді.

Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды

Соңғы жаңалықтар

Велоспорттан Азия чемпионаты басталды

Спорт • Бүгін, 10:36

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:25

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Теңге • Бүгін, 10:18

2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады

Үкімет • Бүгін, 10:00

12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?

Аймақтар • Бүгін, 09:58

5 ақпанда ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:43

Астана – Павлодар тасжолында жылдамдық режимі өзгереді

Оқиға • Бүгін, 09:30

«Қайрат» төрт жолдастық кездесу өткізеді

Спорт • Бүгін, 09:16

Бас Прокурордың орынбасары тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 09:08

Елена Рыбакина үздік спортшы атанды

Спорт • Бүгін, 09:05

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?

Экономика • Бүгін, 09:00

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

«Цифрлық мектеп» білім жүйесін қалай өзгертеді?

Білім • Бүгін, 08:50

Ұлт мәдениетінің Қатар еліндегі салтанаты

Саясат • Бүгін, 08:48

Нұрлан Әбдіров: Біз үшін ең бастысы – сайлаушылар сенімі

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью