2025 жылы Қазақстан Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тоннаға жетті

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия вице-президенті Жевдет Йылмазбен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысын өткізіп жатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

— Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және стратегиялық сипатқа ие. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тоннаны құрап, 35 пайызға өсті. Бұл — екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нақты нәтижесі. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің дерегінше, соңғы жылдары Орта дәліздің рөлі айтарлықтай күшейіп, тасымал көлемі 5 еседен астам өсті. Бүгінде бұл бағыт Еуропа мен Азия арасындағы сенімді және бәсекеге қабілетті көлік дәлізі ретінде қалыптасып келеді. Жүктерді жеткізу мерзімі 13 күнге дейін қысқартылды.

— Орта дәлізді дамыту — біздің ортақ басымдығымыз. Осы бағытта инфрақұрылымды жаңғырту, «тар» учаскелерді жою, порттық және терминалдық қуаттарды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Тасымалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бірыңғай тарифтерді қалыптастыру, тарифтік саясатты үйлестіру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет, — деді Олжас Бектенов.

Бұдан бұрын елімізде көлік саласында көрсетілген қызмет көлемі 2,9 трлн теңгеге жеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью