Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылы республикалық бюджеттен барлығы 61,1 млрд теңге сомасында 338 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 4,7 млрд теңге сомасында 25,9 мың адам алды.
Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
— Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.
Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 44 млрд теңге сомасына орта есеппен 125,3 мың адам қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 3,8 млрд теңге сомасында 128,9 мың адам алды, — делінген хабарламада.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі — АЕК) байланысты белгіленеді.
2025 жылы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері: — бірінші, екінші, үшінші балаға — 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге; — төртінші және одан кейінгі балаларға — 63,0 АЕК немесе 247 716 теңгені құрады.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленді: — бірінші балаға — 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге; — екінші балаға — 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге; — үшінші балаға — 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге; — төртінші және одан кейінгі балаларға — 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.