2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды

10.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында елге (ықтиярхат алғандар) 23 761 адам келіп, ал 7 608 адам елден кеткен. Бұл ретте көші-қон сальдосы — 16 153 адам.

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан көшіп кеткендер саны 40,5%, көшіп келушілер саны 20,7% азайған.

— Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 81,8%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 71,8% құрады. Мемлекет ішінде көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6% өскен, — делінген хабарламада.

Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде қалыптасты:

Астана (87 459 адам), Алматы (12 110 адам), Шымкент (15 130 адам) қалаларында, Алматы облысында (33 126 адам). 

Бұдан бұрын Қостанайда ауыл-аудан тұрғындары азайып бара жатқанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью