2025 жылы Ресейдегі жаңа автокөлік нарығы 15% ға төмендеді

13.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл туралы «Автостат» деректері хабарлайды. Аталған көрсеткіш агенттіктің 7%-дық болжамынан (1,43 млн) төмен. Бұл жөнінде «Коммерсантъ»-қа сілтеме жасаған агенттік тілшісі хабарлайды.

Материалда құлдыраудың негізгі себептері ретінде жоғары базалық мөлшерлеме мен утильалымның өсуі аталады. 

Дилерлердің пікірінше, мәселе автонесиелер бойынша пайыздардың тым жоғары болуында ғана емес. Базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейі әлеуетті сатып алушыларды банктердің депозиттер бойынша тиімді ұсыныстарын пайдалануға итермелеген.

Сонымен қатар, несие мен лизинг бойынша мөлшерлемелердің жоғары болуына байланысты сатылымды қаржыландыру қымбаттады. Бұған қоса, нарықтан кеткен брендтердің қайта оралуы мүмкін деген «сыбыстар» да сұранысты тежеген. Теріс динамикаға 2025 жылдың төртінші тоқсанында кейбір модельдердің тапшылығы да әсер етті.

Айта кету керек, сатылым 24,4%-ға төмендегеніне қарамастан, нарық көшбасшысы болып Lada (329,89 мың дана) қалды. Одан кейін Haval (173,3 мың дана) және Chery (99,81 мың дана) орналасқан. Ең жоғары өсімді Belgee (+96,5%) және ресейлік Solaris маркасы (2,3 есе) көрсетті. Сондай-ақ сарапшылар ресми жеткізілімдер болмағанына қарамастан, Toyota сатылымының 40,3%-ға артқанын атап өтеді.

Бұған дейін 2026 жылы Қазақстандағы автокөлік бағаларына не болатыны туралы жазылған еді:

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью