Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 547 909 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 48 087 адамға көбейген.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты - 2 146 665 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 540 адамға азайған) және Алматыда - 2 359 052 адам (халық саны 10 949 адамға артты).
1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:
Астанада - 1 662 755 адам; Алматы облысында - 1 606 365 адам; Шымкентте - 1 302 868 адам; Жамбыл облысында - 1 214 501 адам; Қарағанды облысында - 1 131 200 адам.Халқы ең аз өңірлер:
Ұлытау облысы - 218 420 адам; Солтүстік Қазақстан облысы - 512 991 адам; Абай облысы - 594 320 адам.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалаларда 13 137 950 қазақстандық (көрсеткіш 52 840 адамға артты), ал ауылдарда - 7 409 959 қазақстандық тұрады (4 753 адамға азайды).
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халөының санын хабарлаған болатын.