2026 жылғы Әлем чемпионатында нәсілшілдік ишара көрсетті. Экс шенеунік байланысқа шығып, мәлімдеме жасады

15.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлем чемпионатының трибунасындағы қарапайым түсірілім кенеттен халықаралық жанжалға ұласты. Мексикалық жанкүйердің іс-әрекеті кореялық блогердің кадрына түсіп қалған, деп хабарлайды Tengri Life.

Әлем чемпионатының трибунасындағы қарапайым түсірілім кенеттен халықаралық жанжалға ұласты. Мексикалық жанкүйердің іс-әрекеті кореялық блогердің кадрына түсіп қалған, деп хабарлайды Tengri Life.

Бәрі қалай басталды?

Оқиға 2026 жылғы Әлем чемпионаты аясында Сапопандағы "Эстадио Акрон" (Мексика) стадионында өткен Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары арасындағы матч кезінде болған.

Оңтүстік Корея командасының голын тойлау кезінде бойжеткен өзін және айналасындағы жанкүйерлерді видеоға түсірген. Кадрға бірнеше қатар жоғарыда отырған мексикалық фанат та түсіп қалған. Өзінің түсіріліп жатқанын байқаған ер адам саусақтарымен көзін қысып, нәсілшілдік ишарат жасап, артынша күлген.

Видео әлеуметтік желілерде тез тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri sport (@tengri_sport) жариялаған жазба

Жанкүйер кім болып шықты?

Кейінірек видеодағы адамның Улисес Берналь Мирамонтес екені белгілі болды.

Қоғамдық резонанстан кейін ол блогер Ино Кэттен көпшілік алдында кешірім сұрап, онымен жеке байланысқа шыққанын мәлімдеді.

"Болған жағдайға қатты өкінемін", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Latinus (@latinus_us) жариялаған жазба

Алайда салдары мұнымен біткен жоқ. Мирамонтес сонымен қатар Халиско штатының топограф-инженерлер мен геоматиктер коллегиясының президенті қызметінен кететінін хабарлап, болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.

Коллегия не деді?

Оқиға кеңінен таралғаннан кейін Халиско штатының азаматтық инженерлер коллегиясы пікір білдірді.

Мәлімдемеде жарияланымдарда аты аталған адам - Улисес Фернандо Берналь Мирамонтес - ұйымның мүшесі емес екені және оның құрамына ешқашан кірмегені атап өтілді. Сондай-ақ коллегия оның ұйым атынан сөйлеуге ешқандай құқығы болмағанын және жоқ екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар ұйым кейбір БАҚ-тың оны кәсіби бірлестіктің президенті немесе басшысы қызметін атқарды деген ақпаратын теріске шығарды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Colegio de Ingenieros Civiles del Estado de Jalisco A.C. (@cicej_) жариялаған жазба

Желіде пікірлер екіге жарылды. Кейбір пайдаланушылар жазаны әділ деп санаса, басқалары жанкүйер үшін салдар тым ауыр болды деп есептейді. Бірақ көпшіліктің пікірі бір жерден шығады: әлеуметтік желілер заманында видеодағы бірнеше секундтық сәт адам өмірін түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: ӘЧ-2026: 15 маусымдағы матчтер кестесі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью