Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Франция ұлттық құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілуі елдің ірі қалаларында, соның ішінде Парижде жаппай тәртіпсіздіктер мен көше қақтығыстарына ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мундиал алтынынан үміт үзу
Техастағы стадионда өткен кездесу Испания құрамасының сенімді жеңісімен аяқталды. Микель Оярсабаль (22-минутта пенальтиден) және Педро Порро (58-минутта) соққан голдар француздарды қатарынан үшінші рет мундиал финалында бақ сынау мүмкіндігінен айырды.
Times of India хабарлауынша, финалдық ысқырық шалынысымен-ақ наразылық толқыны тек стадионды емес, Франция көшелерін де шарпыды. Жанкүйерлер шабуылдағы үйлесімділіктің жоқтығы үшін бас бапкер Дидье Дешамды, сондай-ақ солғын ойын көрсеткен команда капитаны Килиан Мбаппені қатты сынға алды.
Мбаппе кубоксыз қалды: Испания Әлем чемпионатының финалына шықты
Полициямен қақтығыстар мен бүліктерLiveMint порталының мәліметінше, Францияның көптеген қаласында кенеттен стихиялық тәртіпсіздіктер бұрқ ете түсті. Ашуға мінген фанаттар топтары қала инфрақұрылымын қиратып, тұрақтардағы көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртей бастады.
Елисей алаңында және Париждің басқа да маңызды нүктелерінде агрессивті топты тарату үшін полиция арнайы құралдар мен көз жасаурататын газ қолданды. Әлеуметтік желілерде өртке оранған көшелер мен жандармдардың наразылық білдірушілермен қақтығысы бейнеленген кадрлар тез тарап кетті.
Сарапшылар ірі футбол бәсекелерінен кейінгі көше тәртіпсіздіктері Франция үшін қауіпті үрдіске айналғанын айтып жатыр. Осыған ұқсас ауқымды бүліктер 2026 жылдың мамыр айында "ПСЖ" Чемпиондар лигасында жеңіске жеткенде (сол кезде 200-ден астам адам зардап шегіп, 900-ге жуық бұзақы ұсталған болатын), сондай-ақ мундиальдің ширек финалында Франция Марокконы жеңгеннен кейін де болған еді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу