2026 жылы Алматы жастары бағдарламасы қашан басталады

02.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген ол «Алматы жастары» бағдарламасы биыл наурыз айында басталуы мүмкін екенін айтты. Бірақ ипотеканың басталу уақыты әлі де нақтыланады.

Ал Отбасы банктің Алматы филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаеваның айтуынша, «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы былтыр 2189 алматылық баспана сатып алды. Бағдарлама жасы 18-35 аралығындағы қала тұрғындарына арналған. Жоба 2017 жылы іске қосылғалы бері 8 239 жас азамат үйлі болған.

— Бағдарламаны іске асыруға былтыр 46,5 млрд теңге бөлінді. Кредит 5% мөлшерлемемен, бастапқы жарнасы кемінде 10% болу шартымен беріледі, — деді ол.

Еске салайық, 2025 жылдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелендіру мөлшері 18 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью