2026 жылы елімізде әлемдік деңгейдегі қандай жұлдыздардың концерті өтеді

27.01.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алдағы 12 айда ел азаматтарына Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шараларын тамашалау мүмкіндігі туындап отыр.

Сонымен қатар, Үкіметтің мәліметінше, мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылып қойған.

"Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды. 2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарлануда; фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды; Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған" делінеді арнайы мекеме есебінде.

Бұған дейін Алматы бюджеті Дженнифер Лопестің концертінен қанша табысқа кеңелгенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью