Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл туралы Азия даму банкі жариялаған «Азия даму болжамы» есебінде айтылған.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылы ел экономикасы 7,5 пайыз деңгейінде өссе, алдағы жылы қызмет көрсету саласындағы баяулау мен сыртқы сұраныстың әлсіреуі әсерінен өсім қарқыны төмендейді.
Сарапшылар геосаяси тәуекелдердің, әсіресе Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюі экономикалық белсенділікті қосымша тежейтінін атап өткен. Болжам бойынша, 2027 жылы өсім 5,2 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.
АДБ-ның Грузиядағы өкілдігінің директоры Лесли Бирман экономикалық өсімді сақтау үшін өңірлік және жаһандық интеграцияны тереңдету қажет екенін айтты.
– Грузия көлік-логистика хабы ретіндегі рөлін күшейтуі тиіс. Ол үшін инфрақұрылымға инвестиция тарту, сауданы кеңейту және жеке секторды қолдау маңызды, – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан мен Грузия көлік-логистика саласында ынтымақтастықты дамытады.