Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елде келер жылдан бастап ұлттық тауарлар каталогы міндетті болады. Қазақстанда сатылатын тауарлардың барлығында арнайы код болуға тиіс. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі мәлімдеді.
Әсет Нүсіпов: «Өнім өндіру үшін пайдаланылатын аралық шикізат пен материалдардан басқа, импорттық және Қазақстанда шығарылған тауарлар міндетті түрде тіркелуге тиіс», – дейді. Бұл бытыраңқы анықтамалықтар мәселесін шешіп, елдегі тауар есебін жеңілдетуге мүмкіндік бермек.
Әсет Нүсіпов, ҚР сауда және интеграция вице-министрі:
- 1 қаңтардан бастап импортталған болсын, ел ішінде өндірілген болсын, Қазақстан аумағында сатылатын тауарлардың барлығында NTIN коды болуға тиіс. Түпкілікті өнім өндіру үшін пайдаланылатын аралық шикізат пен материалдардан басқа. Бүгінгі таңда ірі сауда желілерінің тауарлық-есептік жүйелері мұны чектерде қолданады. Сонымен қатар тұрақты NTIN-нен басқа, уақытша, яғни нарыққа ауыр болмас үшін ұлттық тауарлар каталогымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық құрал жұмыс істейді.