Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Бизнесті мемлекеттік қолдаудың бірыңғай стратегиялық тәсілін қалыптастыру жұмысы басталды. Қолданыстағы шараларға ревизия жүргізіліп, мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізілімі қалыптастырылды. Олардың тиімділігін бағалайтын өкілеттіктер Ұлттық экономика министрлігіне берілді.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелілігін бағалау кірістердің өсуін, жалпы өнім көлемін, еңбек өнімділігін, салық түсімдерін, экспортты және жұмыс орындарын құруды қоса алғанда, өлшенетін көрсеткіштерге негізделеді. Бүгінгі таңда Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бизнес субъектілерінің мәртебесі, салық жүктемесі, басқа қолдау шараларына қатысуы және бюджет көрсеткіштері туралы толық және сенімді ақпарат бар. Бұл әрбір шараның тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік береді, - деп жазылған жауапта.
Қолдау шараларының тиімділігін бағалау үшін мемлекеттік органдар мен операторлардың ақпараттық жүйелерін «Baqylauda» ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы, екі деңгейлі жүйе негізделген цифрлық мониторинг енгізіліп отыр.
- Жеке бағалау алынған қолдауды қарсы міндеттемелерді орындаумен салыстыру арқылы жүргізілетін болады. Мониторинг нәтижелерін ҰЭМ мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау кезінде пайдаланады және оларды жетілдіру не тиімсіз құралдарды алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, Үкімет жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында жыл сайын қаралады. Қазір 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілімге енгізілмеген шараларды ұсынуға тыйым салуды және Қаржыминіне мониторинг бойынша өкілеттіктер беруді қоса алғанда, осы тәсілдерді заңнамалық бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тиісті түзетулер Цифрлық кодекске ілеспе Заңында көзделген, - деп жазады Серік Жұманғарин.
Бұған дейін бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 14 материал құқық қорғау органдарына жолданғанын жазған едік.