2027 жылы Астанада Тельман газ жылу стансасы іске қосылады

16.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Астана қаласына барып, ЖЭО-3 нысанын аралады. Сапар барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі тапсырмалары аясында елорданың энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйі тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарымен танысты. Биыл жобаның бірінші кезеңін толық аяқтап, екінші кезеңін жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда жылу электр орталығы қаланың бұрынғы энергия тапшылығын толық жауып, өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, қосымша қор қалыптастырып отыр. Нысан сағатына 440 Гкал жылу өндіреді. Жылу Шыңғыс Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және өзге де қарқынды дамып жатқан аудандарға жеткізіледі.

Павлодар: энергетика қуаты артып келеді

Биыл стансада көмірді резервтік балама отын ретінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмыстар аяқталмақ. Атап айтқанда, отын жеткізу жүйесін қайта тиеу тораптарымен және ұсақтау корпусымен біріктіру, теміржол стансасын инженерлік инфрақұрылымға қосу көзделген. Көктемде сыртқы және ішкі автожолдар салу, аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасады. Екінші кезең аясында жеке инвестициялар есебінен қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысын салу жоспарланған. Бұл елорданы сенімді электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жылыту маусымының штаттық режимде өтіп жатқанын баяндады. Қаланы үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы – «Тұран» мен «Оңтүстік-Шығыс» қамтамасыз етіп отыр. Құрылысы қарқын алған шаһардың болашақтағы қажеттілігін ескере отырып, «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанды 2027 жылы іске қосу жоспарланған.

Энергетика бағытындағы елеулі өзгерістер

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, елімізде биылғы жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр. Жөндеу науқанының нәтижесінде генерация көлемі 17 273 МВт-қа жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 7%-ға артқан. 9 жылу орталығы апат қаупі жоғары «қызыл» аймақтан «сарыға», үш нысан «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

Электр стансаларында 10 энергия блогы, 63 қазандық, 39 турбина жөнделген. 17 мың шақырым электр желісі мен 420 қосалқы станса жаңғыртылып, 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Соңғы үш жылда энергетика саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, электр тапшылығы 29%-ға төмендеген. Биыл 2,6 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланса, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды.

Премьер-министр салалық министрліктер мен қала әкімдігіне ЖЭО-3 жобасын мерзімінде аяқтауды жеделдетіп, жылыту маусымының тұрақты өтуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Электр энергетика саласында жұмыс істейтін және басқарушылық білімі бар адам ретінде мен ешбір күрделі жүйе нақты ережелерсіз, тәртіпсіз және бөлінген жауапкершіліксіз жұмыс істей алмайтынын жақсы түсінемін. Энергетикада бұл қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі. Конституция осы жүйенің архитектурасын белгілейді. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын», деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері Назымбек Қасенов.

Нысанды аралау барысында ЖЭО-3 ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдірді.

«Еңбек жолымды химия зауытында бастадым, қазір іс жүргізуші болып жұмыс істеймін. Осылайша мен жаңа Қазақстанның энергетика саласына аз да болса үлесімді қосып отырмын. Конституция – еліміздің даму бағытын айқындайтын біздің басты құжатымыз. Конституциялық өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады және болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады деп санаймын», деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 жылу автоматикасы және өлшеу цехының іс жүргізушісі Мария Цыбина.

Премьер-министр 15 наурызда өтетін референдумның маңызын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір еліміз өте маңызды саяси кезеңді бастан өткеріп жатыр. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті, Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларының айқын көрінісі. Ата заңның ең басты арқауы – адам, яғни азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығы. Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, адами капиталды дамытуға, еңбек адамына деген мемлекеттің көзқарасы түбегейлі өзгереді. Референдумға белсенді қатысуымыз, азаматтық жауапкершілік танытуымыз және мемлекет пен қоғамның мүдделерін басшылыққа ала отырып, саналы таңдау жасауымыз маңызды», деді Олжас Бектенов.

Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

Қысқы спорт • Бүгін, 12:34

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17

ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды

Университет • Бүгін, 12:09

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді

Саясат • Бүгін, 11:56

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47

Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды

Ғылым • Бүгін, 11:45

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 11:36

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды

Референдум • Бүгін, 11:20

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13

Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті

Спорт • Бүгін, 11:03

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Экономика • Бүгін, 10:58

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді

Шахмат • Бүгін, 10:55

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью