2027 жылы ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін

25.12.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Америкалық компаниямен енді жұмыс істей бастаймыз. Бастапқы кезең процесі — келіссөздер, меморандум жасасу болды. Бұл бір күннің не бір жылдың жұмысы емес екені түсінікті. Ол барынша ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, осыған орай, алдағы 2026 жылы ҰБТ-ның форматы да, мазмұны да өзгермейді, — деді вице-министр.

Осы орайда ол ҰБТ форматын өзгерту ілкі жоба ретінде 2027 жылдан бастап кезең-кезеңмен қолға алынуы мүмкін екенін айтты.

— Әрине, бұл мәселелердің бәрі қоғамға, балалар мен талапкерлерге міндетті түрде жеткізіледі, — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, ҰБТ-ның барлық тест сұрақтары бірнеше кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Содан кейін ғана ҰБТ-ға енгізіледі.

— Сарапшылар тобы құрылып, оның құрамына ғалымдар, пән мұғалімдері кіреді. Сондықтан сұрақтар жан-жақты талқыланып, сараптамадан өтеді. Соған кейін ғана қолдануға жіберіледі, — деді Гүлзат Көбенова. 

Айта кетелік 22 желтоқсанда ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталатыны туралы жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью