Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2028 жылға дейін жалпы құны 920 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Фото: Ұлытау әкімдігіЭкономиканы әртараптандыруды жеделдету мақсатында Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Аталған аймақ аясында жалпы құны 5 млрд теңге болатын 3 жоба пысықталып жатыр, нәтижесінде 100 жұмыс орны құрылмақ. Ағымдағы жылы инфрақұрылым тартылу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталатын болады.
Фото: Ұлытау әкімдігіЖоспарланған жобалардың іске асырылуы шағын және орта өндірістер белдеуін қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сауда-көлік байланысын күшейтуге және қаланың бір бағыттағы дамуынан арылып, экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Фото: Ұлытау әкімдігіСондай-ақ өңірде демеушілік қаражат есебінен түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны — 50,3 млрд теңге.