Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2030 жылға дейінгі орта мерзімді болжамына сәйкес, 883 мың маман, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде 63 мың адам немесе 7 қажет болады. Айта кетерлігі, агроөнеркәсіп кешеніне қажетті мамандардың 88 пайыз біліктілігі жоқ немесе жұмысшы кадрлар, ал 12 пайызы — жоғары білімді мамандар (7,6 мың адам). Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласына кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді. 2025 жылы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағыты бойынша 3 018 грант қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 67 грантқа артық. «Ветеринария» бағыты бойынша 1 451 грант бөлінген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 271 грантқа көп, — деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, 2021 жылы ауылдық квота мөлшері 30-дан 35 пайызға дейін ұлғайтылды. Ал аграрлық мамандықтар үшін ҰБТ-ның ең төменгі шекті балы 60-тан 50 балға дейін төмендетілді.
— Бұған қоса, 2023 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағыты бойынша 310 грант және «Ветеринария» бағыты бойынша 92 грант бөлді. Жалпы, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі және агроөнеркәсіп кешенінің мамандарға қажеттілігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жөніндегі республикалық комиссияда Парламент депутаттарының қатысуымен белгіленген тәртіпте қаралады, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары аграрлық мамандық студенттерінің шәкіртақысын көтеруді ұсынған еді.