2030 жылға қарай аймақ елдері ауыз су тапшылығын сезінуі мүмкін өзбекстандық сарапшы

14.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

- Барлығымыз білетіндей, біздің өңірде мұздықтардың тез еруіне байланысты су жыл сайын азайып барады. 2030 жылға қарай аймақ елдері ауыз судың айтарлықтай тапшылығын сезінуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі іс-шара ортақ ұстанымдарды тағы бір саралап, мәселенің теріс әсерін барынша азайту бойынша күш-жігерлерді үйлестіруге бағытталған, - деді Андрей Петров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Спикер дөңгелек үстелде төбе көрсеткен Ауғанстан өкілдерінің су дипломатиясына қызығушылық танытқанын жоғары бағалады. Сарапшының пайымынша, бұл барлық тараптың ұлттық мүддесін ескере отырып, Әмудария өзенінің суын тиімді әрі тең бөлу үрдісін жүйелеуге ықпал етеді.

Еске салайық, осы іс-шарада сөз сөйлеген Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов өңірдегі су тапшылығы алдағы жылдары экономиканың дамуын тежейтін негізгі факторға айналатынын атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл сәуірде елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Орталық Азия елдерінің басшылары Астана декларациясына қол қояды.

Қоса кетсек, алдағы уақытта Өзбекстан жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясын енгізуді көздеп отыр.

Мұнымен бірге Өзбекстан 2028 жылға дейін алқаптардың 80%-ына су үнемдеу технологияларын енгізбек.

Таяуда Kazinform агенттігіне Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім еткендей, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзеніне суды есепке алатын құрылғыларды орнатып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью