2030 жылға қарай өзбекстандықтар әлемнің 50 еліне визасыз сапарлай алады

06.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мұндай міндет 2026-2030 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясының жобасында жазылған. Атап айтқанда, биыл 2 елмен, ал 2027 жылы 5 мемлекетпен өзара виза режимін алып тастайтын келісімдер жасау көзделіп отыр.

Тиісінше, 2028 жылы визасыз саяхаттауға болатын елдердің саны 45-ке жетеді. Кейін, яғни 2030 жылға қарай олардың қатарын 50-ге дейін көбейту жоспарланған.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің алдына 4 жыл ішінде өзбекстандықтарға жеңілдетілген тәртіппен баруға болатын мемлекеттердің санын 60-қа дейін жеткізу міндеті қойылған.

Еске салайық, биыл 1 қаңтардан бастап Өзбекстан АҚШ азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізуге бағытталған келісім былтыр маусымда күшіне енген болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью