Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оның айтуынша, климаттың өзгеруі мен су ресурстары тапшылығының артуы жағдайында су үнемдеу негізгі бағыттардың біріне айналуда.
- Климаттың құбылмалылығы және су тапшылығының өсуі жағдайында су ресурстарын барынша тиімді пайдалану маңызды. Бұл тұрақты дамуды қамтамасыз етеді,. Бұл ретте негізгі назар судың ең ірі тұтынушысы ретінде ауыл шаруашылығына аударылады, — деп атап өтті Ләззат Зиябекова.
Басқарма басшысының дерегінше, қазіргі таңда елімізде су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 500 мың гектардан асты. Тек соңғы бір жылда өсім 150 мың гектардан асты. Бұл бұрынғы қарқындардан әлдеқайда жоғары.
- 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2,2 млрд текше метрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға қол жету үшін мемлекеттік қаржыландыру айтарлықтай артты. Сондай-ақ экономикалық ынталандыру шаралары енгізілуде. Атап айтқанда, ұтымды су пайдалануды қалыптастыруға бағытталған тарифтік саясат жетілдірілуде, — деді ол.
Ләззат Зиябекованың атап өтуінше, су үнемдеу тек технология енгізумен шектелмейді. Бұл — тұтыну мәдениетін өзгерту. Министрлік суды ұқыпты пайдалануды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамаларын әсіресе жастар арасында жүзеге асырып келеді.
Бұған дейін елімізде су үнемдеу технологиялары қандай нәтиже бергенін жазған едік.