Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Комитеттің мәліметінше, 2026 жылғы 1-21 шілде аралығында өткізу бекеттерінде жалпы көлемі 112 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз алып өтуге қатысты 1342 әрекет тіркелген.
ҰҚК мәліметінше, құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылған.
"Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған", – деп мәлімдеді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2026 жылғы 18 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында 2,6 мың литрден астам дизель отынын Қытайға заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілген еді. Жасырын жанармай бактары орнатылған көлік "Майқапшағай" кеден бекетінде ұсталған болатын.