22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Ашық дереккөз

Polisia.kz мәліметінше, іс-шара шеңберінде есірткімен жұмыс істейтін 1 мыңнан астам заңды тұлға тексерілді. Оның ішінде:

876 дәріхана; 278 аурухана мен емхана; 203 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Алматыда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Жедел іс-шара барысында барлығы 31 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 21 іс күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты болса, 10 іс дәрілік препараттарды рецептсіз сатқан жеке дәріханалардың фармацевтеріне қатысты қозғалды.

Өнеркәсіп саласында 4,6 мың тонна әртүрлі прекурсорлардың заңсыз айналымы шектеліп, 86 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Медицина саласында құрамында есірткі бар 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 120 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды

Астанада құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз айналымға шығарғаны үшін фитнес-клубтарда жаттықтырушы болып істейтін 2 қала тұрғыны қолға түскен.

Өскеменде «Wildberries» маркетплейсімен бірлескен жұмыс нәтижесінде, құрамында елде тыйым салынған сибутрамин заты бар, арықтауға арналған ББҚ (БАД) өнімдерін жеткізу арнасының жолы кесілді.

Алматыда күшті әсер ететін дәрілерді рецептсіз сатқан дәріхана қызметкерлері ұсталып, олардан 3,3 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды қолданатын дәрі-дәрмектері мен препараттарына өте мұқият болуға шақырады. Ал заңды тұлғаларға бақылаудағы заттарды сақтау, тасымалдау және сату нормаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Айта кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью