22 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай

22.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылғы 22 наурыз сағат 08:30–дегі жағдай бойынша, барлық көлік түрі үшін қозғалыс келесі жол учаскелерінде шектелді:

Ақмола облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 346-407-шақырымы (Жақсы кенті — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы аралығы).

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407-429-шақырымы (Ақмола облысы шекарасы — Чистополье ауылы аралығы);
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырымы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы аралығы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер бұған дейін 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 13 өңірі мен Астана қаласында ескерту жасаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью