Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Қазгидромет» Қазақстан аумағына 22 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен бұл өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстың шеткі аймақтарында және оңтүстік облыстардың таулы өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Ал еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жалпы республика бойынша тұман түсуі ықтимал. Солтүстік пен орталықта көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.