Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әнші Мейрамбек Бесбаев жұбайы Мархабат Бесбаевамен отау құрған күнін шетелде атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда жұбайын екеуінің отбасы құрғанына 22 жыл толғанымен құттықтап, романтикалық кеш ұйымдастырғанын көруге болады.
"Құттықтауларыңызға көп рақмет! Отбасыларыңызға амандық тілейміз", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Желі қолданушылары құттықтап, әншінің отбасына бақыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.