Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 220 оқушы қатысуда. Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін тереңдету және жетілдіру, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, — деп жазды ведомстводан.
Республикалық кезең екі айналымнан тұрады. Оның бірінде оқушылар эссе жазса, екінші айналымда сынақты ауызша тапсырады.
Фото: Оқу-ағату министрлігіМинистрліктің мәліметінше, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті шығармалары, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін сарапқа салады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған болатын.