228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды

15.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Тексеру барысында Үлкен-Бөкен орманшылығы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі тіркелген.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан топырақтың құнарлы қабаты жойылып, жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірілген. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 228 млн теңгеден асады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау және табиғатқа келтірілген зиянды өтеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстандағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Құзырлы орган өкілдері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз шаруашылық қызмет жүргізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында екі адам қаза тапты. Олар топырақ опырылған сәтте үйінді астында қалып қойған. 

Айта кетейік, енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью