24 отбасы қоныстойын тойлады

31.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.

Салтанатты іс-шарада сөз алған қала басшысы мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жү­зеге асып жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хал­ық­қа арнаған Жолдауында халық­тың әлеуметтік мәселесін шешуді басым бағыт ретінде айқында­ды. Мегаполисте тұрғын үй құры­лысы қарқынды жүріп жатыр. Бірінші кезекте баспана­ға мұқтаж жандар, әсіресе, әлеу­меттік осал топтағы отбасылар қамтылады. Пәтерлердің сапасына мердігер компания толық кепілдік береді. Әрине, кезекте тұрған барлық азаматты бір сәтте баспанамен қамту мүмкін емес, бұл – уақыт пен қаржыны талап ететін үдеріс. Сондықтан кезектегі тұрғындарды сабыр сақ­тауға шақырамын. Мемлекет өз міндеттемелерін кезең-кезеңі­мен, толық орындайды, – деді Ғ.Сыздықбеков.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төле­баевтың мәліметінше, бүгін­де мегаполисте үй кезегінде 90 мың­нан астам азамат тұр. Жал­дамалы пәтерлерді үлестіру «Отбасы банк» АҚ арқылы жүр­гізіледі. Банк тарапынан 544 әлеуметтік осал топтағы аза­матты баспанамен қамту жұмыс­ы қолға алынған. Ірік­теуден өткен 235 отбасына жалдау шартын жасасуға тізім жолданған. Соның ішіндегі 24 отбасы қоныстойын тойлап отыр. Жалпы, осы уақытқа дейін тізімдегі 187 отбасы баспаналы болды. Қалған 309 отбасының құжаттары тексерілу үстінде, ал­дағы уақытта оларға да пәтер беріледі. Биыл 1,5–2 мыңға жуық осал топтағы отбасыны баспанамен қамту жоспарланған.

Айта кетерлігі, 2024 жылғы 24 қарашадағы Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық жалдамалы пәтерлер болашақта сатып алу құқығымен беріледі. Шымкентте пәтердің жалдау құны айына орта есеппен 15–20 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үй алғанда бастапқы жарна төлемейді, тек «Отбасы банктен» жеке кабинет ашып, мәртебесін растауы қажет.

Тағы бір жаңашылдық – әкім­дік енді тұрғын үйді салу­ға тапсырыс бермейді, дайын үй­лерді сатып алады. Бұл құры­лыс компанияларының жауап­­кершілігін арттырып, сапа­­сыз құры­лыстың алдын алуға бағыт­талған тиімді қадам болып отыр.

Жаңа қоныстанушылардың қа­тарында көпбалалы, толық емес отбасылар, мүгедектігі бар аза­­­маттар, ерекше бала тәр­­бие­леп отырған жандар, сон­дай-ақ­ жетім балалар бар. Қала бас­­­шылығы тұрғын үй қо­рын жаңарту, халықтың әлеу­мет­тік жағ­дайын жақсарту жұмыс­­тары жалғаса беретінін мәлім­деді.

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью