Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Getty Images
Құжат авторлары Аргентина мен Мысыр арасындағы матчты алға тартып, FIFA Лионель Мессиге көмектесіп отыр деп айыптаған.
«Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болса, қалған командалардың қатысуының мәні неде? Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетіп, өзгелерге әділ мүмкіндік беріңіздер», делінген петиция мәтінінде.
Петицияның пайда болуына плей-офф кезеңіндегі төрешілікке қатысты дау-дамайлар себеп болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін 1/8 финалдағы соңғы жұптық ойында Аргентина құрамасы Мысырдан 3:2 есебімен басым түскен болатын. Ойынның 58-минутында Мысыр шабуылшысы Мостафа Зико соққан гол VAR тексерісінен кейін есепке алынбады. Осыдан соң Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан төрешілікке наразылық білдіріп, ФИФА-ны қаржылық мүддені бірінші орынға қойып отыр деп айыптады. Артынша Мысыр футбол қауымдастығының президенті Хани Әбу Рида матчқа қатысты тергеу жүргізуді талап етті.