25 млрд теңге салынған Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.

Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.

— Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген, — делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Айта кетелік «S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірген еді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью