25 млрд теңгеден астам қаражат жинаған тағы бір қаржы пирамидасының ісі сотта қаралады

06.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. "Asar Baspana" қаржылық пирамидасна қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Алматыдағы "Asar Baspana" қаржы пирамидасы қызметіне қатысты тергеу аяқталды.

"Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен. Қаржы пирамидасының қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған", - дейді прокуратурада.

Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью