25 шілдеден бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктері өзара жарамды болады

25.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Енді БАӘ аумағында уақытша жүрген Қазақстан азаматтары өздерінің отандық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады. Ал тұрақты тұруға көшкен жағдайда B және B1 санатындағы жүргізуші куәліктерін теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жергілікті куәлікке ауыстыруға мүмкіндік беріледі.

Қазақстан азаматтары БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз ауыстыра алады

Дәл осындай тәртіп Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударатын БАӘ азаматтарына да қолданылады.

Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін, жарамды жүргізуші куәлігі; тұруға ықтиярхат; құжаттың ресми аудармасы; медициналық тексеруден өткені туралы анықтама қажет.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Айта кетейік, жеңілдетілген тәртіп тек B және B1 санаттарына қатысты. Басқа санаттағы жүргізуші куәліктері қабылдаушы елдің заңнамасына сәйкес айырбасталады.

Келісім екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью