250 млн теңгеден астам: Атырау облысында төленбеген мүлік салығы өндірілді

22.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Прокуратураның мәліметінше, жосықсыз салық төлеушілер салық жүктемесін азайту мақсатында декларацияларда салық салу базасын анықтауға әсер ететін бұрыс (нақты емес) мәліметтерді көрсеткен, бұл салықтың толық төленбеуіне әкеп соқтырған. 

2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды

«Мәселен, «М» ЖШС 2025 жылы объектінің алаңын 14 700 шаршы метр деп есептеп, 9,2 млн теңге көлемінде мүлік салығын төлеген, ал «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мәліметтеріне сәйкес объектінің нақты алаңы 28 827,3 шаршы метрді құрайды.

Салық салу базасын төмендету нәтижесінде салықтың жетіспейтін сомасы 8,5 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

Осындай заң бұзушылықтар тағы 63 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша анықталып, бюджетке 250 млн теңгеден астам қаражаттың өндірілуі қамтамасыз етілді», делінген. 

Прокуратура органдарының бақылауы шеңберінде мұндай заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Салық кодексі күшіне енуіне байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді жүргізу бойынша «жаңа таза парақтан бастау» көзделіп отырғаны туралы хабарлаған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью