Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің тәжірибелік денсаулық сақтау саласына озық медициналық технологияларды енгізу, кәсіби тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру және медициналық ұйымдармен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту.
– Делегация құрамына JCI, ISO, GLP және GMP халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері енді. Олардың қатарында аритмолог, реабилитолог, гинеколог, проктолог және басқа да мамандар бар. Іс-шара аясында облыс тұрғындары үшін тегін консультациялар және хирургиялық араласулар ұйымдастырылады. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне арналған дәрістер, семинарлар және тәжірибелік шеберлік кластары өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімдеріне хабарласу қажет, – делінген хабарламада.
Пациенттерді қабылдау кестесі:
27 сәуір күні «Семей медицина университеті» КеАҚ госпиталінде сағат 09:00-13:00 аралығында аритмолог Ердан Майдыров қабылдау жүргізеді.
Осы күні Семей қаласының №1 емханасында сағат 09:00-13:00 аралығында аритмолог Шалқар Смағұлов қабылдайды.
28 сәуір күні қабылдау Семей қаласының №1 емханасында жалғасады: сағат 09:00-13:00 аралығында аритмолог Ердан Майдыров жұмыс істейді.
Медицина мамандарының бұл сапары Медициналық орталық делегациясының өңірге алғашқы сапары барысында қол қойылған Абай облысы әкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, ҚР ПІБ Медициналық орталығы Қытаймен цифрлық медицина бойынша ынтымақтастықты кеңейтіп келеді.