27307 ғимарат инклюзивті орта талаптарына бейімделді

28.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда инклюзивті орта кеңейіп келеді.

Былтыр өңірлер жоспарлаған межені артығымен орындаған. Нәтижесінде 27 мыңнан астам нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайына бейімделген. Олардың басым бөлігі халық жиі баратын әлеуметтік маңызы бар мекемелер. Мәселен, білім беру саласы мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасаудан өзгелерден оқ бойы озық тұр. 9 мыңнан астам білім ошағында инклюзивті ортаның талаптары жасалған. 5 мыңға жуық денсаулық сақтау нысандары да талаптарға сәйкестендірілді. Мәдениет, сауда орындары және мемлекеттік мекемелерде кембағал жандар үшін тиісті жағдай жасалған. 

Бейімделген нысан — 27  307

Білім беру нысандары – 9 008

Денсаулық сақтау нысандары – 4  479

Сауда және қызмет көрсету нысандары – 5 213

Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 3 994

Мәдениет нысандары – 2 146

Өзге де нысандар – 2  467 

Ал өңірлер көрсеткішіне назар салсақ, Алматы қаласында 5 мыңнан астам ғимаратқа мүмкіндігі шектеулі азаматтар еркін кіріп шыға алады. Оның ізін ала Түркістан, Қызылорда, Атырау және Шымкент қалалары келеді. Көрсеткішті Ұлытау облысы түйіндеп тұр. Өкінішке орай, мұнда небәрі 135 нысан мүгедектерге қолайлы жағдай жасаған. 

Өңірлер бойынша бейімделген нысандар

Астана қаласы — 809 нысан

Алматы қаласы — 5 546 нысан

Шымкент қаласы — 1 401 нысан

Абай облысы — 869 нысан

Ақмола облысы — 1 262 нысан

Ақтөбе облысы — 896 нысан

Алматы облысы — 1 047 нысан

Атырау облысы — 1 440 нысан

Шығыс Қазақстан облысы — 1 212 нысан

Жамбыл облысы – 1 078 нысан

Жетісу облысы – 950 нысан

Батыс Қазақстан облысы – 1 358 нысан

Қарағанды облысы – 1283 нысан

Қостанай облысы – 1367 нысан

Қызылорда облысы – 1567 нысан

Маңғыстау облысы – 588 нысан

Павлодар облысы – 1163 нысан

Солтүстік Қазақстан облысы – 1051 нысан

Түркістан облысы – 2285 нысан

Ұлытау облысы – 135 нысан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью