3 айға 20 мың теңге: Tarlan Astana жолаушылары үшін жаңа тарифтер енгізіледі

30.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Жаңа жүйеге сәйкес жолаушылар бір реттік жолақымен қатар, бірнеше күнге немесе бірнеше айға арналған жол жүру абонементтерін, сондай-ақ белгіленген сапар санына арналған пакеттерді сатып ала алады.

Абонементтердің құны:

1 күнге – 500 теңге; 3 күнге – 1500 теңге; 5 күнге – 2500 теңге; 10 күнге – 4000 теңге; 15 күнге – 5000 теңге; 1 айға – 7500 теңге; 3 айға – 20 000 теңге.

Сондай-ақ келесі жол жүру пакеттері ұсынылады:

5 сапар – 900 теңге; 10 сапар – 1800 теңге; 20 сапар – 3500 теңге; 30 сапар – 5000 теңге.

Күндік абонементтер алғашқы валидациядан кейін іске қосылып, сол күннің соңына дейін жарамды болады. Ал сапар пакеттері сатып алынған барлық жол жүру саны толық пайдаланылғанға дейін күшінде қалады.

LRT-ның атауы Tarlan Astana болып өзгерді: Әкім тиісті қаулыға қол қойды

Абонементтерді станциялардағы кассалардан сатып алып, «Tarlan Astana» көлік картасына жүктеуге болады. Көлік картасы жоғалған жағдайда белсенді абонементтер қалпына келтірілмейді, әрі басқа картаға ауыстырылмайды.

LRT іске қосылғалы бері 3,1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Қазіргі уақытта жаңа төлем жүйесі тек «Tarlan Astana» желісінде қолданылады. Мамандар оны елордадағы автобус жүйесімен біріктіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері 500 миллион теңгеден астам табыс тапқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью