3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшіріледі

02.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы ауданында электр жарығы:

08:30-16:30 аралығында Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында және Шынырау, Масаты, Қобыз, Төлебаев, Бесбалық, Сарын, Қошқарбаев, Айнакөл, Өзбек Әлі Жәнібек, Сарыағаш, Өтікен, Енесай, Орхон, Бұлбұл, Ақтоған, Әлқоңыр, Бырымжановтар, Сүтбұлақ, Бозшолақ, Жұмабаев, Тайқазан, Көжілек, Бесшалқар, Ахметбеков, Бозінген, Қордай көшелерінде өшіріледі.

08:00-18:00 аралығында Metro, Оберег, Ырыс тұрғын үй кешендерінде, Шаймерденов, Төлебаев, Қапал көшелеріндегі бірқатар үйлерде, сондай-ақ Промышленный кенті мен оған іргелес көшелерде электр қуаты уақытша болмайды. Сонымен қатар Мичуринец, Почтовик, Зелёная роща, Зелёный остров және Ударник бау-бақша серіктестіктеріне де жарық беру уақытша тоқтатылады.

Нұра ауданында жарық 09:00-13:00 аралығында Үркер тұрғын алабында, Жәменке Абыз көшесі, сондай-ақ Е-645, Е-646 және Е-647 көшелеріндегі бірқатар тұрғын үйлерде өшіріледі.

Сарыарқа ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты 13:30-16:30 аралығында Көкжиек, Бабатайұлы, Ақтау, Болашақ, Аққорған, Новостройка және Байқоңыр көшелерінде электр энергиясы уақытша болмайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью