Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
– Су үнемдеу технологияларын енгізуге кейінгі үш жылда 55 млрд теңге қаржы бөлдік. Алдағы 3 жылға тағы 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлеміз. Осының диқандарға нақты әсері қандай, - деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.
Министрдің сөзіне қарағнада, 2023 жылдан бастап егістерде су тұтыну көлемі тұрақты түрде азая бастаған.
– Дақыл себілетін суармалы алқаптың көлемі 1,2 млн гектар мөлшерінде сақталғанымен пайдаланып жатқан су көлемі азайып келеді. Мысалы 2023 жылы 11,8 млрд текше метр болса, биыл 11,1 млрд текше метр болып отыр. Үш жылдың ішінде су тұтыну көлемі 700 млн текше метрге қысқарған. 2025 жылға келсек, алдын ала есептер бойынша, су үнемдейтін технологиялардың арқасында жыл көлемінде 874 млн текше метр ылғал үнемделген. Бірақ былтыр құрғақшылық болған өңірлерде вегетация кезеңін 20 күн ерте бастадық. Суармалы алқаптардың өнімділігі бірнеше пайызға артып отыр. Осылайша тиімділігін нақты көріп отырмыз, - деді Нұржан Нұржігітов.
Премьер-министр сол нәтижелерді халыққа дұрыстап түсіндіруді тапсырды.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықтады.