30 емдеу мекемесі іске қосылды

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Павлодар өңірінің шалғай елді мекендерінде медициналық инфрақұрылым жаңарып келеді. Жақында осы жоба аясында Тереңкөл ауданына қарасты Ивановка ауылында заманауи талапқа сай медициналық пункт бой көтеріп, ел игілігіне берілді.

Сурет: infonews.kz

Бұған дейін ауылдағы екі пәтерлі тұрғын үйдің бе­йімделген тар бөлмесін паналап келген медициналық пункт енді еңселі ғимаратқа көшті. Жаңа нысанның жалпы аумағы – 196,4 шаршы метр. Бұл – медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне, ауыл тұрғындарының сапалы ем қабылдауына жасалған қолайлы жағдай.

Жаңа ғимарат материалдық-тех­никалық жағынан толық қамтама­сыз етілген. Процедуралық кабинет соңғы үлгідегі құрыл­ғылармен жаб­дықталған. Атап айтқанда, өкпенің тыныс алу функциясын тексеретін спирометр, жүрек қызметін бақы­лайтын кардиограф, тыныс жолдары мен құлақ ауруларын емдеу­ге арналған кварц шамдары орна­тылған. Сонымен қатар науқастар қажеттілігіне қарай магнит өрісімен емдеу, небулайзер аппараты арқылы ингаляциялық шаралар жүргізіледі.

Қазір Ивановка ауылында тұрақ­ты қызмет ететін бір медбике 500-ден астам тұрғынға, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 114 балаға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ал дәрігер арнайы кестеге сай, Алтай ауылындағы амбулаториядан аптасына бір рет келіп, қабылдау жүргізеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл нысан – ауылдық жердегі медицина сапасын арттыруға бағыттал­ған ауқымды жұмыстың бір парасы ғана. Жалпы, 2024–2025 жылдары өңірде аталған бағдарлама аясын­да ­30 жаңа медициналық нысан салын­ған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4 млрд 800 млн теңге қара­жат жұмсалған. Нәтижесінде, облыс бойынша 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медициналық пункт пайдала­ну­ға берілді. Осы игі істің игілігімен ауылдық жердегі 15 мыңнан астам тұрғын сапалы медициналық қызмет­пен қамтылып отыр.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Кеше

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Кеше

Он үшінші білім ошағы

Білім • Кеше

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • 22 Қаңтар, 2026

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • 22 Қаңтар, 2026

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • 22 Қаңтар, 2026

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • 22 Қаңтар, 2026

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью