Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы соңғы үш жыл ішінде малға вакцина егілді деп көрсетілген 30 мың жалған құжаттың жасалғанын айтып, ветеринариялық қызметтің бақылауы әлсіз екенін сынға алған болатын.
Министрдің айтуынша, саладағы түйткілдер расымен бар, алайда оларды қысқа мерзімде толық шешу мүмкін емес. Ол бақылауды күшейту қажеттігі бұрын да көтерілгенін атап өтті.
— Президент дұрыс айтты. Мұндай мәселелер бар. Бірақ бұл бір күнде шешілмейді. Мен бір жыл бұрын бақылауды күшейту керектігін айттым. Бұл — жергілікті жердегі ветеринарлар мен әкімдіктердің құзырындағы жұмыс. Біздің комитет инспекциялық бақылау жүргізеді. Мәселе Жамбыл облысында анықталып, үлкен резонанс тудырды. Вакцина уақытында салынбаған жағдайлар белгілі болды. Кей өңірлерде маман тапшылығы бар. Мал саны бір жерде көп, бір жерде аз, — деді Айдарбек Сапаров.
Министр Президенттің тапсырмасымен ветеринария саласын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар әзірленіп жатқанын және арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. Сондай-ақ ол жалған құжаттарға қатысты жауапкершілік мәселесіне тоқталды.
— Іс қозғалған жағдайлар бар. Тәртіптік жазаға тартылғандар бар. Қылмыстық істер де тіркелді, — деді министр.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары аграрлық мамандық студенттерінің шәкіртақысын көтеруді ұсынған еді.