Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Өңірлер бойынша:
Қостанай облысы – 3 өрт;
«Ертіс орманы» МОТР – 2 өрт;
«Семей орманы» МОТР – 1 өрт.
Қостанай облысында өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жүрүсті патрульдеуі барысында анықталып, техникалар мен күштерді жұмылдыру нәтижесінде жедел оқшауланды.
Ертіс орманы және Семей орманы резерватындағы өрттер жедел анықтау жүйесі арқылы анықталып, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен техникаалары өрт орнына жіберілді. Қазіргі сәтте оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аптап ыстықтың әсерінен елімізідің бірқатар өңірлерінде жоғары өрт қауіпті классы сақталатынын ескертеміз. Табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.